2024 жыл 19 наурызда Түркістан Индустриалды-құрылыс колледжінде Worldskills стандарттарына сәйкес жүзеге асырылған инновациялық технологияларын білім беруді жоспарлау мен ұйымдастыруда оқу үрдісіне енгізу; WorldSkills талаптарын ескере отырып, құзыреттілікті айқындау бойынша демонстрациялық емтиханды енгізу және өткізу мақсатында «Білім беру процесіне WorldSkills стандарттарын енгізу: демонстрациялық емтихан форматында қорытынды аттестаттау» тақырыбындағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары директорының оқу-өндірістік орынбасарлары, арнайы пән оқытушылары, өндірістік оқыту шеберлеріне арналған халықаралық семинар-практикум өтті. Семинарға Түркістан облысы білім басқармасының «Білім беруді дамыту орталығы» КММ «Техникалық және кәсіптік білім беру» кафедрасының әдіскері Орынбасар Улугбекович Султанбеков, Өзбекстан Республикасы Алмалық сәулет-құрылыс техникумы басшысының оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары Баратов Алишер Хусанбоевич, Өзбекстан Республикасы Алмалық сәулет-құрылыс техникумы басшысының қаржы-экономикалық ісі жөніндегі орынбасары Маматкулов Тохир Махмуджанович, «DALA-CONSTRUCTION.KZ» cенімгерлік компаниясының атқарушы директоры Қайрат Ташқұлұлы Айтбаев және «Құрылыс» саласы бойынша облыстық техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары директорының оқу-өндірістік орынбасарлары, арнайы пән оқытушылары, өндірістік оқыту шеберлері қатысып, алғы сөзді колледж директоры К.Ибраимкулов алып, семинар-практикум мақсаты және іс-шаралар барысымен таныстырып шықты. Семинар барысында WorldSkills талаптары бойынша демонстрациялық емтиханды ұйымдастыру және өткізудің негізі мен ерекшеліктеріне, құзыреттіліктер бойынша демонстрациялық емтиханның бағалау құжаттары, әлеуметтік серіктестіктермен бірлесе атқарылған жұмыстар туралы мәліметтер беріліп таныстырылды. Сонымен қатар, «Әрлеу және декоративті жұмыстар» («Painting and Decorating» – «Малярные и декоративные работы») құзыреттілігі бойынша демонстрациялық емтихан» (бағалау құжаттарының жиынтығы) презентациялық диалог алаңы ұйымдастырылып өткізілді. Колледждің «Ағаш шебері» құзыреттілігі бойынша «Бір тумбалы компьютер үстелін дайындау» тақырыбында демонстрациялық емтихан көрсетілімі; 06120100 «Есептеу техникасы және ақпараттық желілер» мамандығы бойынша «Жасанды интеллект»; 07130100 «Электр жабдықтары» мамандығы бойынша «Электр жабдықтарын ағымдағы жөндеу, реттеу жұмыстарын орындау»; 07230100 «Тігін өндірісі» мамандығы бойынша «Арнайы жұмыс киімдерін тігу» тақырыбында шебер-сыныптар көрсетілді. Сенімгерлік компания «DALA-CONSTRUCTION.KZ» өндірістік базасында «Автокран машинисті» біліктілігі бойынша демонстрациялық емтихан көрсетілімі; «DAIA-TRANS» ЖШС базасында 07161300 «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы «Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету жұмыстары» тақырыбында өндірістік оқыту көрсетілімі ұйымдастырылып, жұмыстары көрсетілді. Сондай ақ, семинар-практикум аясында колледж студенттерінің жұмыстарынан көрме, «Наурыз – тіршіліктің бастауы» тақырыбында суреттер конкурсы өткізілді.Семинар қорытындысында барлық қатысушылар колледж түлегi үшiн қорытынды аттестаттауды демонстрациялық емтихан форматында тапсыру жұмысқа орналасу кезiнде нәтижелі артықшылықтың бiрi екендігі, бұл ретте колледж өзiнiң білім бағдарламалары мен материалдық-техникалық базасының сапасын көбiрек әдiлдiкпен бағалай алатындығы, WorldSkills талаптары бойынша демонстрациялық емтихан үздік әлемдік практикаларды пайдалана отырып, қорытынды және аралық аттестаттау шеңберінде түлектерді бағалау әдістерінің бірі болатындығына кеңінен тоқталып, тәжірибе, ұсыныстарымен бөлісті.