
08.01.2025 ж.Түркістан Индустриалды-құрылыс колледжінде “Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі” тақырыбында КО9-24-14, КО9-24-15, КО9-24-16 топтарының білім алушы қыздары арасында педагог-психолог Г.Есенгелдиева мен медбике Қ.Әбжаппар дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараның мақсаты – ұлттық тәрбие мен қыз баланың қоғамдағы рөлінің маңыздылығын түсіндіру, жас ұрпақтың бойында адамгершілік қасиеттерді, ұлттық құндылықтарға құрметті қалыптастыру, сонымен қатар қыз баланың өзін-өзі дамытуына ықпал ету. Дөңгелек үстел барысында қатысушыларға баяндама оқылып, тәрбие мен ұлттық құндылықтар тақырыбы жан-жақты талқыланды. Қазақ қоғамындағы қыз баланың рөлі, ана болуға дайындық және ұлттық дәстүрлердің тәрбиедегі маңызы туралы айтылды. Соңында қатысушылар өз сұрақтарын қойып, пікір алмасуға мүмкіндік алды. Тақырып аясында қыздарға арналған арнайы тест өткізілді. Тест сұрақтары қыздардың өз бойындағы қасиеттері мен құндылықтарын тануға, олардың өз-өзіне баға беруіне бағытталған. Іс-шара соңында қатысушылар тәрбие мен ұлттық құндылықтардың маңыздылығын терең түсінгендерін атап өтті. Қыздар өздеріне керекті жаңа ақпараттар алып, тәрбие мен мәдениет тақырыбында ой бөлісті.
