Спид қасірет қақпаны

06.12.2024ж. Түркістан Индустриалды-құрылыс колледжінде біртұтас тәрбие жоспары аясында маңызды іс-шара өтті. Колледждің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Шайхыбекова, медбике Қ.Әбжаппар және педагог-психолог Г.Есенгелдиева Д9-24-13 және АЭ9-24-08 топтарының білім алушыларымен «СПИД – қасірет қақпаны» тақырыбында кездесу ұйымдастырды. Іс-шараға арнайы шақырылған Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасына қарасты «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы» профилактикалық жұмыстар бөлімінің маманы Назира Жургенбаева қатысып, жастарға ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Шараның басты мақсаты – білім алушыларға АИТВ (адам иммун тапшылығы вирусы) туралы жан-жақты мәлімет беру, оның таралу жолдары мен алдын алу шараларын түсіндіру, сондай-ақ жастарды салауатты өмір салтын ұстануға баулу болды. Шымкент ЖИТС орталығының маманымен жұмыс Н.Жургенбаева «Дұрыс жолды таңдаңыз – адам құқықтарының жолы» тақырыбында мазмұнды баяндама жасап, келесі мәселелерге назар аударды:
🔸АИТВ-ның таралу жолдары және оған қарсы сақтану шаралары;
🔸АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды қоғамнан шеттетудің алдын алу;
🔸Жастарды зиянды әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстануға шақыру.
Кездесу барысында білім алушылар тақырыпқа қатысты сұрақтар қойып, нақты жауаптар алды. Сонымен қатар, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды стигматизациялаудың зияны және олардың құқықтарын қорғау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мамандар зиянды әдеттердің денсаулыққа әсерін түсіндіріп, дұрыс өмірлік таңдаулар жасаудың маңыздылығын атап өтті. Іс-шара аясында 16 жасқа толған ерікті білім алушылардан ананимді түрде сынама алынып, АИТВ-ның алдын алу бойынша нақты іс-қимылдар таныстырылды. Бұл білім алушылардың денсаулыққа деген жауапкершілігін арттырып, олардың қауіпсіздік шараларын түсінуіне ықпал етті. Кездесу білім алушылардың ой-өрісін кеңейтіп, оларды денсаулығын қорғауға және қоғамдағы өзекті мәселелерге жауапкершілікпен қарауға үйретті. Мұндай іс-шаралар жастардың саналы көзқарасын қалыптастырып, болашаққа сенімді қадам жасауына көмектеседі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *