
03.12.2024ж. ✨Ардагерлер өмірі – жастарға үлгі✨
2024 жылдың 3 желтоқсанында Түркістан Индустриалды-құрылыс колледжінде 1-курс білім алушылары арасында “Ардагерлер өмірі – жастарға үлгі” тақырыбында тренинг-кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараны колледждің алғашқы әскери дайындық жетекшісі У.Тагаев, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Шайхыбекова, әлеуметтік педагог Қ.Әлмұрат және педагог-психолог Г.Есенгелдиева ардагерлермен кездесу өткізді.
Кездесуге ауған соғысының ардагерлері Ербол Төлжанұлы, Сүндет Үсенбайұлы, Мухиддин Рузматович және Хусан Қожагалиев арнайы шақырылды. Олар білім алушылармен өз өмір жолдары, әскери қызметтің маңызы мен сол кезеңдегі оқиғалар туралы естеліктерімен бөлісіп, жастарға өмірлік тәжірибелерінен үлгі боларлық кеңестер айтты.
Іс-шара барысында білім алушылар ардагерлерге қызықты сұрақтар қойып, патриотизм, отансүйгіштік және батылдық тақырыптарына қатысты маңызды ақпарат алды.
Бұл кездесу білім алушылардың бойында патриоттық сезімді нығайтып, ардагерлердің өмір жолынан үлгі алуға, елге деген жауапкершілік пен құрметті арттыруға бағытталды.
