Тренинг кездесу Жастар және дін мәселелері

02.12.2024ж. Тренинг-кездесу: “Жастар және дін мәселелері”
Түркістан Индустриалды-құрылыс колледжінде 1-курс білім алушыларымен маңызды тренинг-кездесу өткізілді. Шараға “Дін мәселелерін зерттеу” орталығының білікті теолог мамандары қатысып, жастарға дін саласындағы өзекті мәселелер мен дұрыс діни ақпарат алу жолдары туралы түсінік берді.
Кездесуді “Дін істер басқармасының бөлім басшысы Ғалымжан Сарманов, теолог маман Жұмаділлә Бексұлтан және колледждің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Шайхыбекова, әлеуметтік-педагог Қ.Әлмұрат және педагог-психолог Г.Есенгелдиева ұйымдастырды. Тренинг барысында білім алушылар дін туралы өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, теолог мамандардан нақты әрі жан-жақты жауаптар алды.
Мақсаты – жастарды деструктивті ағымдардан қорғау, дұрыс діни білімнің маңыздылығын түсіндіру және рухани дамуға бағыттау. Түркістан Индустриалды-құрылыс колледжі ұжымы жастарға рухани бағыт-бағдар беруде үздіксіз жұмыс жүргізуді жалғастырады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *