Буллинг және кибербуллинг тақырыбында тренинг

23.11.2024ж. Білім басқармасының №25/6550 от 13.11.2024 ж. хатына сәйкес, 18.11.2024ж. Түркістан Индустриалды-құрылыс колледжі АЭ 9-24-05 тобының білім алушыларымен “Буллинг және кибербуллинг” тақырыбында әлеуметтік педагог Қ.Әлмұрат және педагог-психолог Г.Есенгелдиева тренинг-кездесу ұйымдастырды. Мақсаты – білім алушыларға буллинг пен кибербуллингтің зиянды салдары туралы түсінік беріп, оны болдырмау жолдарын үйретіп және жасөспірімдер арасындағы қарым-қатынасты жақсартуды үйрету.
Кездесу барысында білім алушылар буллинг пен кибербуллингтің түрлері, олардан қорғану әдістері, сондай-ақ осы жағдайларда көмек сұрау жолдары туралы ақпарат берілді. Белсенді пікірталас жүргізіліп, білім алушылардың көзқарастары тыңдалды, сонымен қатар, қатысушылар арасында сауалнама жүргізілді. Сауалнама нәтижесінде студенттердің буллингке қатысты көзқарастары мен тәжірибелері анықталып, болашақта бұл бағыттағы жұмысты жетілдіру жолдары қарастырылды. Іс -шара соңында білім алушыларға өзара құрмет пен қолдаудың маңыздылығы ерекше атап өтіліп, өздерін және өзгелерді қорғау туралы ұсыныстар берілді!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *