«Нашақорлықтың алдын алу» тақырыбында білім алушыларымен кездесу өтті

13.03.2024ж күні Түркістан Индустриалды-құрылыс колледжінің ЖІЖ инспекторы Б.Аязхан мен колледж мейірбикесі Қ.Әбжаппардың ұйымдастыруымен Шымкент қаласы Полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Карбеков Бауыржан Қанатұлы «Нашақорлықтың алдын алу» тақырыбында білім алушыларымен кездесу өткізді. Мақсаты — есірткі қылмысына қарсы іс-қимылды жүргізу және жастар арасында синтетикалық есірткілердің таралуының, пайдаланудың алдын алу және нашақорлықтың алдын алу бойынша арнайы ақпараттық-түсіндірмелік жұмыстарын жүргізу. Атап айтқанда, нашақорлыққа, темекіге және құмар ойындарға тәуелділіктің зардабы кеңінен түсіндіріліп, елімізде синтетикалық ескірткіні өндіру, сақтау және таратуға қылмыстық жауапкершілік қарастырылғандығы жөнінде ақпарат берілді.Сонымен қатар нашақорлықтан келетін қауіп-қатерлер, адам ағзасы мен психикасына келтіретін зияны, зиянды әдеттерге еліктеудің соңы жақсылыққа апармайтындығы айтылып, салауатты өмір салтын ұстану, денсаулықты сақтау және нығайту, спортпен шұғылданудың пайдасы жөнінде еркін пікір алмасты.Нашақорлық-әлеуметтік құбылыс. Қоғам дертіне айналған нашақорлық адамның өзіне де, қоғамға да аса зиян. Оның қасіретін өскелең ұрпақ жақсы білуі үшін әрбір ата-ана отбасында балаларына жат әдеттердің зардабы туралы айтып отырса, сонымен қатар әлеуметтік желілерде ақпараттық жұмыстар жүйелі жүргізіліп тұратын болса ұтарымыз көп болмақ. Өйткені бала тәрбиенің 60 пайызын отбасынан, қалғанын сыртқы ортадан алатындығын ұмытпайық.