Кәсіптік білім беру мекемелері арасында халықаралық ынтымақтастық.

12 наурыз 2024 жылы Түркістан Индустриалды-құрылыс колледжінің директоры К.Ибраимкулов кәсіптік білім беру мекемелері арасында халықаралық ынтымақтастықты нығайту мақсатында Өзбекстан мемлекетінің Ташкент сәулет-құрылыс университеті жанындағы Э.Халтурсунов басқарып отырған Алмалық сәулет-құрылыс техникум арасындағы ынтымақтастық және өзара әрекеттестік туралы келісіліп, меморандумға қол қойылды. Мұндағы мақсат екі колледждің білім алушылары мен педагогтер өзара озық тәжірибелерімен алмасып, білікті маман даярлауда халықаралық еңбек нарығына бәсекеге қабілетті маман шығару.