
13.03.2024ж. Түркістан Индустриалды-құрылыс колледжінің ДОТІЖ орынбасары С.Шайхыбекова, әлеуметтік-педагог Қ.Әлмұрат, педагог-психолог А.Тураева, Д9-23-02 тобының жетекшісі Э.Юнусовамен біргелікте «Буллинг және оны алдын алу» тақырыбында Д9-23-03 тобының білім алушыларына дөңгелек үстел өткізді. Білім алушылар өздерінің сұрақтарын қойып, пікір алмасты.Дөңгелек үстелдің мақсаты: «Буллинг» сөзінің мағынасын ашу, таныту. Жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию жағдайларының алдын алу. Ұйымды сыйластыққа, бір-біріне қолдау көрсете білуге тәрбиелеу. Білім алушыларға қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, өз құқықтарын біліп оны құрметтеуге тәрбиелеу.