Болашақ колледж немесе педагог моделі

01.03.2024ж. Түркістан Индустриалды-құрылыс колледждің инженер-педагогтерінің кәсіби деңгейлерін көтеру және біліктілігін бағалау мақсатында «Үздік пәндік циклдық комиссия-2024» сайысы өткізілді. Байқаудың «Болашақ колледж немесе педагог моделі» кезеңінде қатысушылар қазіргі заман талабына сай, бәсекеге қабілетті білікті маман дайындау үшін педагогтің моделін жан-жақты көрсетіп өтті. Сондай-ақ, «Біз қандай педагогпіз?» кезеңінде команда мүшелері оқу-тәрбие саласындағы өзекті мәселелер бойынша постер дайындап, қорғап шықты. Педагогикалық-психологиялық жағдаяттан сүрінбей өткен әріптестеріміз, өз өнерлерін көрсету бойынша да бақ сынасты. Байқау әр ПЦК-ның дайындаған оқу-әдістемелік жұмыстарының шығармашылық көрмесін бағалаумен қорытындыланды. Нәтижесінде қазылар алқасының шешімімен «Бас жүлде» «Гуманитарлық және қоғамдық пәндер» ПЦК-ы, 1-орын «Ақпараттық, коммуникациялық сандық технологияларды қолдану және электромонтер пәндер» ПЦК-ы, 2-орын «Дене шынықтыру және АӘД пәндер» ПЦК-ы, 3-орын «Жаратылыстану және экономикалық пәндер» ПЦК-ы иеленді. Байқауда ПЦК мүшелері өз шығармашылық мүмкіндіктерін жүзеге асырып, педагогикалық бастамаларды қолдап, өз жұмыс тәжірибелерін жинақтау арқылы жаңашыл білім беру тәжіибелері түрлерімен бөлісіп, іс-тәжірибе алмасты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *