
15.01.2024ж. Студенттерге қосымша білім беру- олардың білім алу қажеттіліктерін жан- жақты қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын тәрбиелеу мен оқыту үрдісі, үздіксіз білім беру жүйесінің ажырамас бөлігі. Осыған орай, колледжіміздің өндірістік оқыту шебері, “Кірпіш қалау” құзіреттілігінің облыстағы бас сарапшысы Мамырова Гүлжан Ерғазықызы құрылыс топтары студенттерінің арасынан “Жас шебер” ұйірмесін жоспарлап, жұмыстарын жүзеге асыруда. Студенттер сабақтан кейінгі уақыттарын бос өткізбей құрылыс жұмыстарының түрлерін тереңдете меңгеріп, шеберліктерін шыңдауда. Бетті әрлеуге дайындау, сылау, бетті қаптау сияқты жұмыстардан бөлек кірпіш қалаудың әдіс-тәсілдерін де үйренуде. Тәжірибесі мол шебер Гүлжан Ерғазықызының жетекшілігімен 21-08 тобының бітіруші студенттері өз біліктілігін жан-жақты меңгерген, еңбек нарығында сұранысқа ие маман болып шығатыны сөзсіз.