Адалдық алаңы

12.01.2024ж. Түркістан Индустриалды-құрылыс колледжінің кітапханашысы Н.Палуанова мен дебат ұйымының жетекшісі А.Рамазанның жетекшілігімен колледж білім алушылары, Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің “Адалдық алаңы” жобасы аясында “Басты міндет- адал қызмет” атты ақпараттық сағатқа қатысып, ойларын ортаға салып көпшіліктің құрметіне бөленді. Колледж білім алушылары түрлі ойындарға, сұрақтарға жауап беру арқылы, бұл тақырыптан хабардар екенін тағы бір дәлелдеді. Кездесу барысында колледжіміздің дебат ұйымының жетекшісі А.Рамазанға сөз кезегі беріліп, жастарымызға ой-кеңестерін бөлісті. Кездесудің жалпы мақсаты жастарымыздың сыбайлас жемқорлық жайында сауатын көтеріп, оның алдын алып сақтандыру!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *