
11.01.2024ж Түркістан Индустриалды-құрылыс колледжінде Шымкент Медикал Сервис клиникасының жалпы тәжірибелі дәрігер Сейдалиев Самат Мухтарбаевич, дерматолог Цаллагов Таймураз Хамзатович және колледж медбикелері: Қ.Әбжаппар, Қ.Шораева “Тері аурулары және жеке бас гигиенасы” тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.Тері арқылы денеге өткен бактериялар, микробтар адамды неше түрлі індетке тап қылады. Ағзада зат алмасудың бұзылуы салдарынан болатын тері аурулары көп. Мәселен, қант диабеті кезінде көмірсу алмасу бұзылады. Ол теріні қышытып, шиқан, безеу тәрізді сырқаттарға әкелетінін білім алушыларға түсіндіріп өтті.