
20.12.2023ж. Түркістан Индустриалды-құрылыс колледжінде дене шынықтыру пәнінің оқытушылары Б.Байтөреев, М.Саймкулов “Ұлттық ойындар” үйірмесінің жоспары бойынша “Тоғызқұмалақ ойынының тәртібі” тақырыбында үйірме сағатын өтті. Мақсаты: Студенттерге ұлттық ойынның тарихын таныстыра отырып, негізгі ережелерін үйрету.Тоғызқұмалақтың негізгі шарттарын түсіндіру арқылы логикалық ойлау қабілетін, математикалық амалдарды тез санау, ой – өрісін толық дамыту және ұқыптылыққа өз бетімен жұмыс жасауға үйрету.