
23.11.2023ж. Түркістан Индустриалды-құрылыс колледжінің “Жас сарбаз” әскери патриоттық клубы. “Алғашқы әскери және технологиялық дайындық” пәнінің оқытушысы Тельгозин Дәурен Қадырәліұлы колледж білім алушыларына “Калашников автоматы және қол пулеметі жартылай бөлшектеу және жинақтау” тақырыбында сабақ өтіп, білім алушыларды автоматты дайындауға дұрыс техника мен қол жылдамдығының қажеттілігін түсіндіріп өтті. Мақсаты: Отанын, елін, жерін, халқын сүюге, Отан қорғау –басты патриоттық міндет екенін түсіндіру. Отанды, елді қорғаудағы алатын орны мен Калашников автоматын жартылай бөлшектеп шашып жинаудың ретін түсіндіру, білдіру, меңгерту.