
17.11.2023ж. «Математика және физика пәндері» ПЦК апталығының аясында 23-18 тобының студенттерімен математика пәнінің оқытушысы П.Е. Култасова «n-ші дәрежелі түбір және оның қасиеттері» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған, сабақта студенттердің барлығы қамтылған, оқытушы өзінің жаңа технологиялар мен оқытудың озық әдістерін жоғары деңгейде меңгергенін дәлелдеді. Пәнаралық байланыс пен біліктілікке баулуды басты назарға алған оқытушы, функционалдық сауаттылықты да қамтып өтті. Сабаққа қатысқан жас мамандарға жоғары дәрежедегі тәжірибе болды деп санаймыз.