Тұрмыстық зорлық-зомбылық

16.11.2023ж. «Тұрмыстық зорлық-зомбылық» тақырыбында Д9-23-03 “Көркемдік дизайнерлік жұмыстарды орындаушы” мамандығының білім алушыларымен әлеуметтік педагог Қ.Әлмурат тренинг өтті. Тренингтің мақсаты: қоғамдағы тұрмыстық зорлық-зомбылықты алдың алу және ашулану немесе ашуды басқара білу, стресті алдын алу, стреске төтеп беру жолдарын үйрену. Ашулану немесе ашуға берілу – бәріміздің басымыздан өткен сезім: бұл адам бойындағы ең негізгі және маңызды сезімдердің бөлігі. Көптеген жағдайларда бұл адаптивті сезім болуы мүмкін, бірақ шындық – бұл уақыттың басым көпшілігі бізді ренжітуі мүмкін және басқалармен қарым-қатынасты нашарлатып, қалағанымызға жетуге көмектеспеуі мүмкін. Осыған байланысты тренинг кезінде ашуды басқарудың 5 әдісі көрсетіліп оны қолдану тәсілдерін үйретті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *