ТжКОБ кейінгі білім беру педагогтарының кәсіби құзыреттілігін дамыту

15.11.2023ж. Түркістан Индустриалды-құрылыс колледжінің оқу әдістемелік жұмыс жоспарына сәйкес «Құрылыс және дизайн» пәндер циклдық төрайымы М.Байболаева “ТжКОБ кейінгі білім беру педагогтарының кәсіби құзыреттілігін дамыту” тақырыбындағы білім беру бағдарламасы бойынша педагогтардың біліктілігін арттыру курсынан кейінгі әдістемелік қолдау және нәтижелерімен бөлісу мақсатында шебер сынып өткізді. Шебер сыныпқа директордың ОӘІЖ орынбасары Г.Байназарова, колледж әдіскерлері Г.Тастемирова, арнайы пәндер әдіскері Б.Нурлыбаева және педагогтар Е.Табакова, Е.Шереметьева, М.Нажиметовтер өз ойларымен бөлісті.Шебер сыныптың мақсаты: ТжКОБ беру ұйымдарында оқытушыларының кәсіби құзыреттілігін арттыру. Бағдарламаның міндеттері: модуль бойынша жұмыс оқу бағдарламасын әзірлеуде педагогтардың кәсіби құзыреттерін арттыру; білім алушыларды оқытуда педагогикалық технологияларды қолдану дағдыларын дамыту; педагог кадрларды даярлауды жүргізетін мамандық бойынша білім мен оқыту дағдыларын жетілдіру; кәсіпорындар/ұйымдар базасында бейін бойынша білім мен практикалық дағдыларды жетілдіру. Білім беру бағдарламасы бойынша педагогтардың біліктілігін арттыру курсынан кейінгі білім беру ұйымында алған білімді тәжірибе алмасу мақсатында презентация жасалынды, алған білімді әріптестермен бөлісті. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының оқытушыларына қажетті мәліметтер жасалынды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *