
Бүгін 10.11.2023 ж «Діни сауаттылықты арттыру» тақырыбында Түркістан Индустриалды-құрылыс колледжінің білім алушылары арасында кездесу өтті. Кездесуге ОТІЖ орынбасары Шайхыбекова Салима Пулатовна, Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері басқармасының “Жастар ресурстық орталығы” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің инспекторы Кыпшакбаев Рауан Мухитулы және Шымкент қаласының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы қатысты.Мақсаты – жастарды деструктивті діни идеологиялардың ықпалынан сақтау, дін мен дәстүрімізді жаңғырту болып табылады.- Қоғамда Ислам атын жамылған түрлі діни ағымдар пайда болды. Бұл – ертеңгі ұлт болашағы үшін қауіпті. Себебі, діни сауаттылықтың аздығынан бармақ шайнап, өзге діннің жетегіне ерішулердің болашағы бұлынғыр болмақ. Дінге қатысты қандайда бір сұрақтарыңыз болса, мешіт имамдарының көмегіне жүгінуге шақырамын, – деді теолог маман. Кездесу соңында теолог маманы жастармен кері байланыс орнатып, сұрақтарына жауап берді.