
01.06.2023ж. Түркістан индустриалды – құрылыс колледжінің «NIS» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының қазіргі уақытта «Халықаралық талаптар бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтерінің біліктілігін арттыру» курстарының 2023 жылдың 10-19 мамыр аралығында 1-ші кезең оффлайн форматта «Колледжде қазақ тілі мен әдебиетін оқыту: басымдықтар және жетілдіру стратегиялары» және «Колледжде ағылшын тілін оқыту: басымдықтар және жетілдіру стратегиялары» тақырыбында 72 сағаттық біліктілікті арттыру курсынан оқытушыларымыз Нурашова Айгул Касымхановна, Жанахметова Асель Зейновна, Мырзабекова Эльмира Ашимбековна, Каленова Гульмира Сапаралиевна өтті. Педагогтердің біліктілігін арттыру – оқыту және оқыту сапасын арттыру үшін жаңа білім алуға, сондай-ақ бұрын алған кәсіби білімдерін, біліктерін, дағдылары мен құзыреттерін қолдауға, кеңейтуге, тереңдетуге және жетілдіруге мүмкіндік беретін кәсіптік оқыту нысаны.Осыған орай, 2023 жылы 1 маусым күні оқытушыларымыз Нурашова Айгул Касымхановна, Жанахметова Асель Зейновна, Мырзабекова Эльмира Ашимбековна, Каленова Гульмира Сапаралиевна өздерінің жинақтаған ақпараттарымен және білім беру жүйесіндегі жаңалықтармен колледж педагогтеріне іс-тәжірибесімен бөлісіп, таныстырды. Курс тыңдаушыларының курс сабақтары бойынша пікірлері жоғары.