Колледжде орыс тілі мен әдебиетін оқыту: басымдықтар және жетілдіру стратегиялары

31.05.2023ж. Түркістан индустриалды – құрылыс колледжінің «NIS» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының қазіргі уақытта «Халықаралық талаптар бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтерінің біліктілігін арттыру» курстарының 2023 жылдың 10-19 мамыр аралығында оффлайн форматта «Колледжде орыс тілі мен әдебиетін оқыту: басымдықтар және жетілдіру стратегиялары» тақырыбында 72 сағаттық біліктілікті арттыру курсынан оқытушыларымыз Байташева Гульмира Расильевна, Орымбетова Гульмира Асилтаевна өтті.Білім сапасына қол жеткізу үшін біліктілікті жетілдіру үдерісін бүгінгі күн талабына сай жаңаша ұйымдастыру мақсатында “Назарбаев Зияткерлік мектептері” ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы білім мазмұнын жаңарту аясында ұйымдастырылған біліктілік арттыру курстары педагогтардың кәсіби даярлығын арттырып, баланың әрекетін ұйымдастыра алу шеберлігін шыңдауындағы маңызы өте зор. Осыған орай, 2023 жылы 31 мамырда оқытушыларымыз Байташева Гульмира Расильевна, Орымбетова Гульмира Асилтаевна өздерінің жинақтаған ақпараттарымен және білім беру жүйесіндегі жаңалықтармен колледж педагогтеріне іс-тәжірибесімен бөлісіп, таныстырды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *