
23.05.2023ж. Түркістан Индустриалды-құрылыс колледжінің педагог-психологы Г.Анарбаева “Отбасы бақыт мекенім” тақырыбында колледж білім алушыларына семинар – тренинг өткізді. Мақсаты: Отбасындағы қарым – қатынас мәдениеті туралы түсінік беру, бақытты жанұяның моделін дайындау. Отбасы- Отанның бір бөлшегі екенін ұғындырып, жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу.