Жаратылыстану ғылыми пәндер

19.05.2023ж. Түркістан Индустриалды-құрылыс колледжі оқу үрдісінде инновациялық технология үлгілерін қолдану арқылы жаңа форматтағы педагогтердің шеберлігін шыңдау, озық іс-тәжірибелерін насихаттау және білім алушылардың функционалды сауаттылығын дамыту мақсатында 10.05-19.05.2023 ж аралығында ұйымдастырылған апталықта жаратылыстану ғылыми пәндер арасында олимпиада, ашық сабақтар, интеллектуалды сайыс сабақтар мен шебер-сыныптар өткізіліп, 2023 жылы 19 мамыр күні жоспарға сай физика, химия, математика және информатика пәндері бойынша 1-курстар арасында өткізілген олимпиададан орын алған студенттері дипломдармен марапатталып «Жаратылыстану ғылыми пәндер» ПЦК апталығының жабылу салтанаты өткізілді. Салтанатты іс-шарада ПЦК педагогтері дайындаған танымды іс-шаралар мен жаратылыстану ғылыми пәндері бойынша қабырға газеттері шығарылып, көрме ұйымдастырылып бағаланды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *