
10.05.2023ж. Түркістан Индустриалды-құрылыс колледжінде оқу үрдісінде инновациялық технология үлгілерін қолдану арқылы жаңа форматтағы педагогтердің шеберлігін шыңдау, озық іс-тәжірибелерін насихаттау және білім алушылардың функционалды сауаттылығын дамыту мақсатында «Оқу үрдісінде инновациялық технология үлгілерін қолдану – білім сапасын арттырудың тиімді жолы» тақырыбында «Жаратылыстану ғылыми пәндер» ПЦК апталығының ашылу салтанаты өткізілді. Салтанатты іс-шарада ПЦК педагогтері дайындаған жаратылыстану пәндері бойынша жаңалықтар, танымды ақпараттар беріліп, ПЦК төрайымы Н.Темірбаева 10-16 мамыр аралығында өткізілетін ашық сабақтар, интеллектуалды сайыс сабақтары, жас мамандармен шебер-сыныптар, сабақтан тыс іс-шаралармен кеңінен таныстырып өтті. Сонымен қатар, жаратылыстану ғылыми пәндері бойынша қабырға газеттері шығарылып, көрме ұйымдастырылды.