
06.05.2023ж. «ЖІГІТ СҰЛТАНЫ-2023»
Түркістан Индустриалды-құрылыс колледжінде 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай 1 курс білім алушыларының арасында
“Жігіт сұлтаны-2023”
сайысы болып өтті.
Мақсаты – халқымыздың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, жөн-жоралғыларын оқушылардың бойына сіңіру, батыл, намысты ұлдарды тәрбиелеу.
Байқауға қатысушылар сайыстың
«Қазақтың баласымын тегі бүтін»
деп аталған алғашқы кезеңінде өзін таныстырса,
“Сұрақ-жауап”
сынағында сұрақтарға жауап беріп, тапқырлық танытты. Үміткерлердің ісмерлік, шеберлік, қолөнерлік қасиеттерін көрсеткен «Жігіттер бар нарқасқа…» кезеңі де тартысты болды.
Үздік деп танылған қатысушылар дипломдармен және «Дарынды жігіт», «Өнерлі жігіт»,, «Парасатты жігіт», «Алғыр жігіт» сынды арнайы номинациялармен марапатталды.