Жастар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықты болдырмау және алдын алу

11.04.2023ж. Түркістан Индустриалды – құрылыс колледжінде «Жастар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықты болдырмау және алдын алу» тақырыбында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шайхыбекова Салима Пулатовна, Шымкент қалалық ҚПД Әл-Фараби АПБ ЖПҚБ ЮПБ КТІЖ аға учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Ирисбеков Рахымжан Испандияровичпен біргелікте колледж білім алушыларына баяндама оқып, кері байланыс орнатты. Кездесудің мақсаты – жасөспірімдер арасындағы қылмысты болдырмау және оны алдын алу, оның ішінде білім беру ұйымдарының білім алушылар арасындағы құқықбұзушылықтың жолын кесу, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы әкімшілік құқықбұзушыларды анықтау, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ балаларға қатысты қылмыстық қол сұғушылықтардың алдын алу болып табылады. Шара барысында жасөспірімдердің заңды өкілдерінсіз түнгі уақытта беймезгіл көшеде жүрмеуін қадағалау. Студенттердің заң бұзушылықтан қайтару және оны болдырмау. Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық пен топтық төбелестің алдын алу.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *