
01.04.2023ж. Экологиялық білім мен тәрбие беру-қоғам алдындағы қазіргі өмір талабынан туындап отырған өзекті мәселелердің бірі. Сондықтан қоршаған ортаны, табиғат байлығын қалыпты жағдайда ұстау-әр азаматтың парызы.Білім алушыларды қоршаған ортаны қорғай білуге шақыра отырып, экологиялық мәдениетті арттыру мақсатында Түркістан Индустриалды-құрылыс колледжінің кітапханашысы Н.Палуанова “Ғаламшар тазалығы-өмір өзегі” атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Мақсаты: Адамзаттың табиғатпен байланысы туралы түсінікті қалыптастыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру. Кітап көрмесіне экология жайлы кітаптар және “Дизайнер” мамандығының білім алушыларының “Экология” тақырыбына салған суреттері қойылды.