Түркістан индустриалды-құрылыс колледжі базасында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Танатовна Кариновамен кездесу өтті

2021 жылдың 15 қыркүйек күні Түркістан индустриалды-құрылыс колледжі базасында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Танатовна Кариновамен кездесу өтті. Кездесуге Түркістан облысы әкімінің орынбасары С.Қалқаманов, Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Р.Жолаев, Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Ж.Тажиева, «DAIA-CONSTRUCTION.KZ» ЖШС президенті Б.Алиев, «DAIA-CONSTRUCTION.KZ» ЖШС атқарушы директоры К.Айтбаев және колледж ұжымымен қатысты.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Танатовна нормативтік актілер мен білім саласына қатысты заңдар мен заңнамалардың тармақтарына тоқталып, соның ішінде ТжКОББ ұйымдарында академиялық дербестікті, кредиттік-модульдік оқыту технологиясын енгізу, ТжКОББ ұйымдарының академиялық дербестігін ескере отырып, өзектендірілген үлгілі оқу жоспары негізінде жұмыс оқу бағдарламаларын әзірлеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар, дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидалары талқыланып, басқа да қойылған сауалдар төңірегінде нақты да түсінікті жауап берді. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың жолдауындағы білім саласына қатысты мәселелерге тоқталды.Сонымен қатар ТжКОББ ұйымдарына және білім саласына қатысты мәселелерде көңілге қонымды ұсыныстар беріп, түйінді мәселелердің шешімін шығаруда жоғары деңгейде атсалысып отыратындығын атап өтті.Өз кезегінде «DAIA-CONSTRUCTION.KZ» ЖШС президенті Б.Алиев қазіргі заманғы ғылыми-техникалық үдерістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Бұл дегеніміз осы заманға, ғылым мен инновацияға бейімделе алатын құзыретті маман даярлау ісі. Ол үшін әлемдік білім беру кеңістігінің даму тенденциясында жүріп жатқан интеграциялық процестерге бейімделу, ғылым мен білім саласындағы жаңашылдықты оқу үрдісіне енгізумен қатар білім ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жаңғырту қажеттілігі жайлы айтып өтті.ҚР Білім және ғылым вице-министрі Каринова Шолпан Танатовна өңірімізге келіп, колледждің педагогтері мен өндірістік шеберлерімен кездесуі мағыналы да әсерлі өтті. ТжКОББ жүйесінде болып жатқан өзгерістер мен жаңашылдықтар жөнінде педагогтер нақты түсінік алып, келелі мәселелерге қатысты ойлар қозғалып, пікірлер алмасты. Педагогтер қауымы үшін көптен бергі мәселелер айтылып, оның шешілуіне нақты қадамдар жасалып жатқандығы бізді қуантты. Білім мен ғылым саласында жақсы жаңалықтар көбейе берсін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *