Чимкент облысының еңбек резервтері бас басқармасының 1956 жылғы 14 мамырдағы №146 бұйрығына сәйкес студенттерді алғашқы қабылдау № 24 СУ (құрылыс мектебі) -не жасалды.
Кәсіптік-техникалық училище «Чимкентстрой» тресінің базалық кәсіпорны үшін жұмысшылар дайындай бастады.
Бірінші оқуға орта білімі жоқ 10 айлық оқу мерзімі бар 250 студент қабылданды.
65 жыл ішінде «Мектеп», «ГПТУ», «ВПУ», «ПТШ», «ПШ», «Кәсіптік лицей», «Колледж» болып өзгеріп, облыстың және қаланың өндірістік және құрылыс ұйымдары үшін 30 мыңнан астам жұмысшы дайындады.
1965 жылы № 24 құрылыс мектебі № 32 қалалық кәсіптік-техникалық училищесі болып өзгертілді; 1984 жылы № 32 ГПТУ өз мәртебесін СПТУ (Орта кәсіптік мектеп) етіп өзгертті.
Облыстық әкімшілік басшысының 03.08.1994 жылғы №168 қаулысы, білім басқармасының №87 04.08.1994 бұйрығы негізінде №2 кәсіптік-техникалық училище №7 ШВПУ болып өзгертілді (Шымкент қаласы №7 жоғары кәсіптік лицейі)
№7 ШВПУ №92 ПТШ (№2 кәсіптік лицейі) құрамына кіріп, білім басқармасының №662 09.08.1999 жылғы бұйрығымен қайта құрылды.
ОҚО әкімдігінің 2002 жылғы 1 наурыздағы №90 «Кейбір білім беру мекемелерін қайта құру туралы» 2002 жылғы 2 мамырдағы № 175 «Кейбір мемлекеттік мекемелердің атауын өзгерту туралы» қаулысына сәйкес және 2002 жылғы 2 мамырдағы №617 бұйрығы негізінде ОҚО ПТШ №2, № 2 ПШ (№ 2 кәсіптік-техникалық училищесі) өзгерді.
ОҚО әкімдігінің 2004 жылғы 23 қаңтардағы № 51 «Мемлекеттік мекеменің атауын өзгерту туралы» қаулысы негізінде және ОҚО Білім департаментінің 2004 жылғы 19 ақпандағы №127 бұйрығы негізінде «Мемлекеттік мекеменің атауын өзгерту» «№2 кәсіптік лицейінің» атауы «Кәсіптік лицей» болып өзгертілді.
«Кейбір мемлекеттік білім беру ұйымдарын қайта құру туралы» ОҚО әкімдігінің 2008 жылғы 21 қаңтар күні Шымкент қаласы «№ 2 кәсіптік лицей» мекемесі Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасының Шымкент қаласы «№ 2 кәсіптік лицей» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны болып өзгерді.
«Мемлекеттік мекеменің атауын өзгерту туралы» ОҚО әкімдігінің 2008 жылғы 25 қыркүйектегі №306 қаулысы негізінде «№ 2 кәсіптік лицей» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны болып өзгерді.
ОҚО әкімдігінің 2012 жылғы 24 желтоқсандағы №724 қаулысы және ОҚО білім бөлімінің № К -2 04.01.2013 жылғы бұйрығы негізінде №2 кәсіптік лицей №2 колледж болып өзгертілді.
ОҚО әкімдігінің 2016 жылғы 5 сәуірдегі №99 қаулысы негізінде Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының «№2 колледж» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «№2 колледжі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны болып өзгертілді.
Түркістан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 21 қаңтардағы №11 «Түркістан облысы білім басқармасының кейбір кәсіпорындарының атауын өзгерту туралы» қаулысы негізінде Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «Оңтүстік Қазақстан индустриалды-құрылыс колледжі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны деп аталды.
Түркістан облысы білім басқармасының «Түркістан индустриалды-құрылыс колледжі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны Түркістан облысы әкімдігінің 02.08.2019 жылғы №163 «Түркістан облысының білім басқармасының кейбір кәсіпорындарының атауын өзгерту туралы» қаулысы негізінде «Түркістан индустриалды-құрылыс колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны деп аталды.
Қазіргі заманда білім мен біліктілік ұшталса ғана табысқа жетуге болатынын өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Сапалы білім берумен қатар жастардың тәжірибеден өтуіне, оқу орындарының өндірістермен байланыс орнатуына мемлекет мұқият көңіл бөлуде.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты халыққа Жолдауында кәсіби білім берудің маңызына тоқталып, «кәсіби білім берудің бүкіл жүйесін еңбек нарығында сұранысқа ие білікті мамандар қалыптастыруға бағыттағанымыз жөн» екенін баса айтты.
Қазіргі ғылыми-техникалық үрдістің үздіксіз, қарқынды дамуына байланысты білім беру жүйесінің алдына жаңа талаптар қойылып отыр. Осыған орай, ең бірінші, әлемдегі алдыңғы қатарлы өркениетті, бәсекеге қабілетті елдермен терезе теңестірудегі тұлға – жас ұрпаққа сапалы білім мен тағылымды тәрбие беру.
Қазіргі таңда кәсіптік салада жан-жақты білімді, білікті, іскер, бәсекеге қабілетті маман даярлауда әрбір білім алушыны жан-жақты ізденуге, өздігінен тың жаңалықтар ашуға, қай салада болмасын, ғылыми жұмысқа деген бейімділігін қалыптастыру көзделуде.
Колледждің тарихына келер болсақ, іргетасы 1956 жылы өндіріске кәсіби білікті мамандар даярлау мақсатында «Шымкент қалалық кәсіптік-техникалық училище» болып құрылып, атауы бірнеше рет өзгеріп, 2019 жылдан бері «Түркістан индустриалды-құрылыс колледжі» болып аталады.
2018 жылы Түркістан облысы бойынша 96 колледждердің арасынан «Жыл үздігі-2018» номинациясының иегері болып танылды. Колледж ұстаздары да халықаралық, республикалық және облыстық кәсіби шеберлік сайыстары, олимпиадаларының бірнеше дүркін жеңімпаздары болып табылады. Соңғы үш жылда «Үздік топ жетекшісі», «Өнерлі ұстаз», «Үздік колледж оқытушысы», «Үздік өндірістік оқыту шебері» облыстық байқауларының жүлделі орындарын үзбей иеленіп келеді.
Колледждің негізгі мақсаты – нарық талаптарына сәйкес әлемдік стандарттар деңгейінде жоғары сапалы қызмет көрсетуге қабілетті мамандарды даярлау.
Еліміздің кәсіптік білім беру кеңістігінде индустрия, құрылыс саласындағы жоғары білікті мамандарды сапалы кәсіби даярлау жүйесіндегі жетекші колледжге айналу.
Колледжде 10 мамандық, 13 біліктілік бойынша білім берілуде, 5 әдістемелік бірлестік құрамындағы бұл мамандықтар бойынша біліктілігі жоғары, тәжірибелі оқытушылар сабақ береді, аталған мамандықтар бойынша 1506 студент мемлекеттік тапсырыс бойынша қазақ және орыс тілдерінде білім алуда.
Колледж қабырғасында бәсекеге қабілетті, еңбек нарығындағы сұранысқа сай кәсіби мамандар даярлау үшін қажетті материалдық-техникалық база құрылып, 2 оқу корпусы, 54 кабинеті, 4 зертханалық бөлмелері, 9 оқу-өндірістік шеберханалары, энергетика бойынша оқу полигоны, құрылыс, дәнекерлеуші цехтары, автомобильдерге техникалық қызмет көрсету шеберханасы, кітапханасы, оқу залы, баспаханасы, 2 спорт залдары, медициналық кабинеті, асханасы, талапқа сай жасақталған, сондай ақ мультимедиялық-лабораториялық кабинетпен, интербелсенді тақталармен, 100-ден аса компьютермен, заманауи аудио-бейне құралдарымен, автоматтандырылған кітапхана жүйесімен, Интернет желісі және Wi-Fi нүктелерімен жабдықталған. Барлық құралдар қауіпсіздік талаптарына толықтай жауап береді.
Қазіргі уақытта кітапхана қоры 40 000 мыңнан аса дана кітапты құрайды, оның 32 140 данасы оқулықтар және оқу әдебиеттері, 263 оқулық электрондық тасымалдаушыларда. «Талап» коммерциялық емес акционерлік қоғамының оқулықтар қоры мемлекеттік және орыс тілдерінде, Білім беру процесінде, қашықтан оқыту кезінде студенттер мен оқытушылар «кітапхана» бөліміне 350 электрондық оқулықтар мен колледж кітапханаларының ресурстары енгізілген «Talap», «Okulyk.kz» сайттарын, «College-SmartNation» порталын пайдаланады.
Бүкіл әлемді жайлаған коронавирус (COVID-19 індетінің пандемиясына байланысты жарияланған карантинге орай еліміз қашықтықтан білім алу жүйесіне көшуіне байланысты, колледжде оқу процессі «College-SmartNation» порталында толыққанды жүзеге асырылуда.
Колледж Түркістан облысы Адами әлеуетті дамыту басқармасы басшысының бұйрығымен құрылыс саласы бойынша құзыреттілік орталығы болып бекітілді. Жыл сайын облыс көлемінде құзыреттілік орталықтың жылдық жоспары негізінде, «Шебер сынып», «Ашық сабақ», мамандықтар бойынша байқаулар, конференция, семинарлар, вебинарлар жоспарланып өткізіледі.
Соңғы жылдары кәсіби шеберліктің әлемдік деңгейінің көрсеткіштеріне Worldskills чемпионаттары арқылы куә болып жүрміз. Құрылыс саласының «Кірпіш қалау», «Сылау және әрлеу жұмыстары», «Ағаш ісі», «Жеңіл автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсету» құзыреттіліктері бойынша колледж студенттері облыстық «WorldSkills Тurkestan» чемпионатында жүлделі орындарды иеленіп, республикадағы «WorldSkills Kazakhstan» чемпионатына бірнеше рет қатысып, жүлделі орындарға және «Үздік маман» номинацияларына қол жеткізуде. Жетекшілері Мамырова Гулжан Ерғазықызы, Лунина Елена Валентиновна, Нажиметов Маулен Нұрсұлтанұлы, Кынатов Мурат Садихович, Левенчук Павел Дмитриевич колледждің өндірістік-оқыту шеберлері Білім және ғылым министрінің «Алғыс хатымен», «Құрмет грамотасымен» марапатталып, өз шеберліктерін көрсетіп жүр.
Болашақ мамандарды даярлауда оқу процесін өндіріспен байланыстыру – басты мәселе. Өйткені, оқу орындары мен өндірістік кәсіпорындардағы байланыссыз білікті маман дайындау мүмкін емес.
Түркістан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 27 қарашадағы №271 қаулысы негізінде Облыстық коммуналдық меншіктегі «Түркістан индустриалды-құрылыс колледжі» МКҚК «DALA CONSTRUCTION.KZ» ЖШС–не сенімгерлік басқаруға берілді.
Бүгінде сенімгерлікпен басқарып отырған «DALA CONSTRUCTION.KZ» ЖШС-нің базасында заманауи жабдықталған кәсіпорындарында колледж студенттері мен шеберлері машықтануда.
Алғашқыда сенімгерлік басқаруға үреймен қараған колледж ұжымы қазіргі таңда еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау үшін оқу бағдарламаларын жаңарту, оқытушыларды даярлау курстарынан өткізу және оқу орны мен басқару процестерін жетілдіру бойынша жұмыстарды жоспарлай келе, колледж болашағына үлкен үміт арта отырып жұмыс жасалуда.
Түркістан индустриалды-құрылыс колледжінде студенттер білім мен тәжірибені қатар ұштастыра отырып, болашақ индустрия саласының мамандары мен құрылысшылары колледждің оқу процесіне сәтті енгізілген дуалді білім жүйесінің тиімділігіне көз жеткізуде.
Колледж Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы «26» қарашадағы № 646 бұйырығымен бекітілген «Жас маман» жобасы шеңберінде өткен байқауға қатысып, еңбек нарығында сұранысқа ие 100 аса талап етілетін мамандықтар бойынша, колледждегі «Автомобиль кранының машинисі» және «Жиhаз жинақтаушы» мамандықтарына материалдық-техникалық базасын нығайту үшін 404 млн. теңге көлеміндегі грант иегері атанды.
Жаңа кезеңдегі білім беру мен тәрбие үдерісінің маңызды мәселелерінің бірі – жас ұрпаққа рухани-адамгершілік тәрбие беру. «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» деп Әл-Фараби бабамыз айтып кеткендей, қазіргі қоғамдағы тәрбиенің рөлі күннен-күнге арта түсуде.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бойынша іс-шараларды ұйымдастыру, студент жастардың құқықтарын сақтауды және оларды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету мақсатында колледжде «Парасаттылық мектебі», «Саналы ұрпақ», «Адалдық алаңы», «Ізгілік елшілері» жобалық кеңестері жұмыс атқарады. «Адал бол» тақырыбында эссе, бейнероликтер түсіріліп, «Сыбайлас жемқорлықққа қарсы күрес» агенттіктермен семинарлар, «Ізгілік елшілері» жобасы бойынша волонтерларымыз көптеген қайырымдылық іс-шараларға қатысты. Колледжде студенттердің қызығушылықтары бойынша түрлі клубтар құрылған.
Түркістан индустриалды-құрылыс колледжі жеке тұлғаны әлеуметтік – экономикалық бағытында дамыту үшін, еңбек нарығының сұранысына сәйкес тұлғаның жеке қажеттілігін ескере отырып, жастарға білім бере келе техникалық және кәсіптік мамандарды дайындау бағытында өз үлесін қосуда. Колледждің мақсаты теориялық білім мен іс-тәжірибені ұштастырып, болашақ кәсіби құзыретті маман дайындау болып келеді. Колледж түлектері бүгінгі таңда облыстың түкпір-түкпірінде өз мамандықтары бойынша абыройлы еңбек етуде.
Еліміздің болашағы – білімді де білікті жастардың қолында!