
05.02.2024ж. Түркістан Индустриалды-құрылыс колледжінің оқу-әдістемелік жұмыстарының жылдық жоспарына сәйкес колледж педагогтері арасында жаңа инновациялық технологияларды тиімді пайдалану арқылы, жаңа форматтағы педагогтердің шеберлігін шыңдау, озық іс-тәжірибені насихаттау және оқыту әдістемесін жетілдіруде тәжірибе алмасу мақсатында «Білім беру жүйесіндегі тәжірибе алмасу – педагогтің болашаққа бағдарланған қадамы» тақырыбындағы педагогикалық оқулары аясында «Дене шынықтыру және АӘД пәндері» ПЦК оқытушыларының педагогикалық оқулары өтті, барлығы 5 жұмыс көрсетіліп, іс-тәжірибелерімен бөлісті. Атап айтқанда, дене шынықтыру пәнінің оқытушылары Юнусова Э., Байтуреев Б. «Дене шынықтыру сабағында инновациялық технологияларды қолдану», Дуйсебаев Б., Базарқұл С. «Дене шынықтыру сабағында қозғалыс ойындарын өткізудің әдістемесі», Тәжібай Ә. «Спорттық ойындарды оқытуда ұлттық ойындарды қолдану», Сыдыков Е., Талатбек А. «Снаряд лақтырудың техникалық әдістері» тақырыптарында қазіргі оқу үрдісін ұйымдастырудағы жаңа әдіс-тәсілдер және студенттердің өзіндік білім алуын қамтамасыз етуде түрлі әдіс-тәсілдерді, инновациялық технологияларды қолданудың тиімді тұстары атап көрсетіліп, іс-тәжірибе алмасты.