Гуманитарлық және қоғамдық пәндері

02.02.2024ж. Түркістан Индустриалды-құрылыс колледжінің оқу-әдістемелік жұмыстарының жылдық жоспарына сәйкес колледж педагогтері арасында жаңа инновациялық технологияларды тиімді пайдалану арқылы, жаңа форматтағы педагогтердің шеберлігін шыңдау, озық іс-тәжірибені насихаттау және оқыту әдістемесін жетілдіруде тәжірибе алмасу мақсатында «Білім беру жүйесіндегі тәжірибе алмасу – педагогтің болашаққа бағдарланған қадамы» тақырыбындағы педагогикалық оқулары аясында «Гуманитарлық және қоғамдық пәндері» ПЦК оқытушыларының кезекті педагогикалық оқулары өтті, барлығы 7 жұмыс көрсетіліп, іс-тәжірибелерімен бөлісті. Атап айтқанда, С.Абдыханова «Формирование функциональной грамотности обучающихся на уроках русского языка и литературы», А.Жанахметова «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында студенттердің функционалдық сауаттылықтарын дамыту жолдары», Э.Мырзабекова «Бүгінгі таңда ағылшын тілін оқытудың негізгі аспектілері», А.Нурашева «Сапалы эссе жазу ұсыныстары», Г.Оспанбекова «Ауызекі сөйлеу тілін дамытудың ерекшеліктері», А.Абдукадырова «Тарих пәнін оқытуда сыни тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану», Г.Тайбек «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару» өз тақырыптарында презентациялық баяндамалар, тәжірибелік жұмыстар көрсетіліп, қазіргі оқу үрдісін ұйымдастырудағы жаңа әдіс-тәсілдер және білім алушылардың өзіндік білім алуын қамтамасыз етуде түрлі әдіс-тәсілдерді, инновациялық технологияларды қолданудың тиімді тұстары атап өтілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *