География пәнін оқытудағы критериалды бағалау жүйесін қолдану

01.02.2024ж. Түркістан Индустриалды-құрылыс колледжінің оқу-әдістемелік жұмыстарының жылдық жоспарына сәйкес колледж педагогтері арасында жаңа инновациялық технологияларды тиімді пайдалану арқылы, жаңа форматтағы педагогтердің шеберлігін шыңдау, озық іс-тәжірибені насихаттау және оқыту әдістемесін жетілдіруде тәжірибе алмасу мақсатында «Білім беру жүйесіндегі тәжірибе алмасу – педагогтің болашаққа бағдарланған қадамы» тақырыбындағы педагогикалық оқулары басталды. Педагогикалық оқулардың жұмыс бағыттары:- білім беруге заманауи әдістемелер мен тиімді педагогикалық технологияларды ендіру;- ақпараттық-коммуникативтілік технологияларды пайдалану;- білім беру жүйесінде оқу үрдісін педагогикалық-әдістемелік сүйемелдеу.Күтілетін нәтижелер:- педагогтер мен ө/о шеберлерінің заманауи технологиялары қолданудың әдістері жүйеленеді;- білім алушылардың оқу ынтасын, танымдық қызығушылығын арттыруда оқу үрдісіне озық тәжірибелер енгізіледі, озық шығармашылық зерттеу жұмыстары таратылады;- оқу үрдісінде білім сапасының динамикасын арттыруда ғылыми-теориялық, әдістемелік көмектер көрсетіледі.Осы орайда 2024 жыл 31 қаңтар күні «Жаратылыстану және экономикалық пәндер» ПЦК оқытушыларының педагогикалық оқулары өтті, барлығы 7 жұмыс көрсетіліп, іс-тәжірибелерімен бөлісті. Атап айтқанда, Б.Молдабеков «География пәнін оқытудағы критериалды бағалау жүйесін қолдану», Г.Менликулова «Химия сабағында сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолданудың тиімділігі», Т.Кидиров «Оқу үрдісіндегі рефлексияның маңызы», А.Кулпейшова «География сабақтарында функционалды сауаттылықты дамытудың тиімді жолдары» және жас мамандар А.Дуйсебаева және М.Әлменбетова басқа да тақырыптар бойынша презентациялық баяндамалар, практикалық жұмыстар көрсетіліп, қазіргі оқу үрдісін ұйымдастырудағы жаңа әдіс-тәсілдер және студенттердің өзіндік білім алуын қамтамасыз етуде түрлі әдіс-тәсілдерді, инновациялық технологияларды қолданудың тиімді тұстары атап өтілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *